Қазақстан демалысқа қызығушылық 64% өсіп, ТМД-да көш бастады

Сырым Қаржас
inbusiness.kz

2025 жылғы жазда Қазақстанда демалысқа деген қызығушылық былтырмен салыстырғанда 64% артты. Ел қонақүй броньдау бойынша ТМД елдері ішінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан — ТМД бойынша броньдау көшбасшысы

Зерттеу қорытындысына сәйкес, ТМД елдері арасында демалысқа қызығушылықтың ең жоғары өсімін Қазақстан көрсетті. Қонақүйге сұраныс 2024 жылғы жазбен салыстырғанда 64% ұлғайған. Қазақстаннан кейін Армения (+55%), Грузия (+37%), Қырғызстан (+27%) және Өзбекстан (+16%) орналасқан.

Еуропа мен Азиядағы үрдістер

Еуропада ең көп өсім Францияда тіркелді (+21%), одан кейін Испания (+15%) мен Италия (+5%). Ал Азияда Вьетнам (+35%) көш бастаса, Мальдив аралдарына (+18%) да сұраныс жоғарылаған.

Танымал бағыттар

Қызмет көрсетуші деректеріне сәйкес, 2025 жылғы жазда шетелдік ең сұранысқа ие үш бағыт — Беларусь, Түркия және Абхазия болды. Бұл елдер ыңғайлы көлік қатынасы мен визасыз кірудің арқасында өз позициясын сақтап келеді. Сондай-ақ ондыққа Грузия, Қазақстан, Армения, Таиланд, Италия, Өзбекстан және Қытай кірді.