Алматылықтарға жер сілкінісі туралы ескерту келді

Сырым Қаржас
Фото: ашық дереккөзден

Алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабар келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз жерлерді паналаңыз. Дүмпулер аяқталғаннан кейін ғимараттан қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялаңыз! Уәкілетті органдардың нұсқауларын мұқият қадағалаңыз. Қосымша ақпараттар Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласы әкімдігінің сайттары мен әлеуметтік желілерінде, делінген хабарламада.

РЕСМИ АҚПАРАТ

 

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 21 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 16 сағат 25 мин жер сілкінісі тіркелді. Сезілуі туралы мәлімет: Сезілмеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер: сезілмеді.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.