АҚШ-та ер адам үйлену тойына баса-көктеп кіріп, атыс шығарған

Сырым Қаржас
pixabay.com

АҚШ-тың Нью-Хэмпшир штатында ер адам үйлену тойында атыс шығарған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Lenta.ru мәліметіше, оқиға 20 қыркүйекте үйлену тойы өтіп жатқан қала сыртындағы үйде болды. Қаскөй ішке кіріп, қонақтарға қарай оқ жаудырған. Қатысушылардың бірі шабуылдаушыға қарсы тұрып, оның басынан орындықпен ұрып құлатқаннан кейін, күдікті қашпақ болған.

Шабуыл салдарынан бір адам қаза тауып, кемінде жеті адам жарақат алды. Олардың бірі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілсе, қалғандары дүрбелең кезінде жарақат алған.

Полиция күдіктіні қолға түсірді.