Жаслан Мәдиев премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖАРЛЫҚ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды.
МӘЖІЛІС
Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына Жаслан Мәдиевтің кандидатурасы келісілді.
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.
ЖОЛДАУ
Еске салайық, президент жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырған болатын.
АЙТА КЕТЕЙІК
Жаслан Мәдиевтің қайын атасы – мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов. Бұған қоса, Тұрғанов мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен де туыстық байланыста.