Тоқаев Трамппен жеке кездескен - Көшербаев

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ басшысы Дональд Трамптың кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ермек Көшербаевтың сөзінше, екі ел басшылары кездескен. 

- Екеуі кездесті. Трамптың біздің президентке айтқан сөзін естідіңіздер. Мәселе сөздерде емес. Мәселе екі мемлекет басшыларының арасындағы қарым-қатынас өте жоғары бағаланып отыруында, дейді Көшербаев. 

Журналистер Трамп әлеуметтік желідегі парақшаларында тек телефон арқылы сөйлескендерін жазғанын атап өтті. 

- Суреттерін көрмедіңіз ба? Осы сапарда болған жағдай. Трамп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, дейді Ермек Көшербаев. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 22 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы өз жұмысы басталған еді. Әлемнің 150-ден астам мемлекет және үкімет басшылары жаһандық күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелерді талқылау үшін бір алаңға жиналды. 

КЕЗДЕСУЛЕР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінде маңызды мәселелерді көтеріп, бірнеше кездесу өткізді. Соның ішінде, БҰҰ бас хатшысыменЗеленскиймен кездесті.