Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратов қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Ulysmedia дереккөзі Мұрат Досмұратовтың түнде Атыраудағы қонақүйде қайтыс болғанын хабарлады. 2025 жылдың 16 қыркүйегінде Мұрат Досмұратов «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің мұнай өңдеу және мұнай-химия жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалғаны белгілі болған.
МҰРАТ ДОСМҰРАТОВ
Ulysmedia Мұрат Досмұратовқа қатысты істің барысын мұқият бақылап отырды. Оған кепілдік мерзімі бола тұра, АМӨЗ қаражатын негізсіз жұмсап, технологиялық қондырғыны жөндетті деген айып тағылды.
Атыраудағы сот процесі кезінде зауыт қызметкерлері таңданысын жасырмады, олардың айтуынша, бұрынғы басшы жауапкершілікті өз мойнына алып, өндірістік мәселені шешті, стратегиялық маңызы бар кәсіпорынның тоқтап қалуына және елде бензин тапшылығы туындауына жол бермеді, бірақ соған қарамастан сотқа тартылды.
Америкалық сарапшылардың қорытындысы да ой салды: Мұрат Досмұратов шынымен кінәлі ме, әлде мүлдем кінәсіз бе?
Тергеу нұсқасы бойынша, жабдық жеткізушілер жылу алмастырғышқа кепілдік хатын бергеніне қарамастан, Досмұратов қызметтік өкілетін пайдаланып, оны жөндеуге қаржы бөлген.
2024 жылдың қарашасында сот АМӨЗ-дің бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды.