Астаналық тұрғын әкімдікке жүгініп, LRT балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Facebook қолданушысы Күлпәш Қонырова Астанадағы LRT станциясынан салбырап тұрған сымдарды көрсетіп, видео жариялады. Әзірге токқа қосулы болуы мүмкін кабель балалар алаңының үстінен өтіп тұр.
– LRT мен балалар. Ашық электр сымдары, LRT жанындағы әлсіз құрылыс – бәрі де №9 мектеп пен №59 гимназияға баратын балалардың жолында. Қала әкімдігі, балалар зардап шекпей тұрып мәселені шешіңіздер!, – деп жазды автор жарияланымда.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін Астанада LRT тестілік режимде іске қосылған болатын. Қала әкімінің айтуынша, жолақы шамамен 200 теңге болады.