Назарбаев "Қайрат" матчын VIP орыннан тамашалаған деген ақпарат тарады

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Күні кеше Алматыда өткен "Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев та тамашалаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Матчтан кейін әлеуметтік желіде Қайрат Сатыбалды, Нұрсұлтан Назарбаев ойынды VIP-орыннан тамашалағаны көрсетілген кадрлар тарады. 

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

Бұл жайтқа қатысты депутат Ермұрат Бапи ойын айтты. 

- Енді ол да адам баласы ғой. Қалай болғанда да оның ағаттығы жоқ. Бірақ соны бүкіл елге жарнамалаудың қанша қажеті бар еді? Ол да ет пен тер жамылған адам баласы. Бір көргісі келген шығар. Бұл жерде бір-ақ мәселе бар. Меніңше, экс-президент Назарбаев халықтың алдына ұялмай, жасырынбай шығатындай болуы керек еді ғой. Ондай мүмкіндігі жоқ қой. Қоғаммен етене араласа алмау ел басқарған азамат үшін үлкен қиянатты жағдай деп ойлаймын, – дейді депутат Бапи. 

МАТЧ

Еске салайық, күні кеше "Қайрат" - "Реал" матчы 0:5 есебімен аяқталды