Қазақстанның батысында тағы бір атом электр станциясын салу ықтималдығы бар. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оның айтуынша, әзірге нақты орын белгіленген жоқ. Қазір Каспий теңізінің жағалауы шағын және орта қуатты реакторлары бар АЭС орналастыруға әлеуетті аумақ ретінде қарастырылып отыр. Жақын арада құрылыс мүмкіндігін зерттеу жұмыстары жүргізілмек.
Айта кетсек, шағын қуатты реакторлар әдетте 300 мегаваттқа дейін, орта қуатты реакторлар 300-ден 700–1000 мегаваттқа дейін электр энергиясын өндіреді.
БҰҒАН ДЕЙІН
Сондай-ақ, Сатқалиевтің сөзінше, Алматы облысында екі АЭС салу жоспарда бар. Тамыз айында Үлкен ауылында алғашқы дайындық жұмыстары басталды. Жобаның бас мердігері — Ресейдің “Росатом” компаниясы.