Қазақстанға жыл басынан бері 11 миллионға жуық шетелдік келген

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанға жыл басынан бері 11 миллионға жуық шетелдік келген, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Қазақстанға жыл басынан бері 10,8 млн шетелдік азамат келген. 10,6 млн адам елден кеткен. Бұл туралы ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха мәлімдеді.

«Келгендердің жалпы санының 90%-ы ТМД елдерінің азаматтары. Оның ішінде: 

- Өзбекстан – 10,6%, 

- Ресей – 10,8%, 

- Қырғызстан – 8%, 

- Беларусь – 12%», – деді ол.

Сондай-ақ, 10 138 шетелдік азамат елден шығарылған.

Шілдеде  ІІМ жыл басынан бері 200 мың шетел азаматы әкімшілік жазаға тартылғанын, 46 мыңы «елде тұру ережесін» бұзғаны үшін жауапқа тартылғанын мәлімдеген еді.