Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

6 қазан күні сағат 01:29-да төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 10 шақырым, магнитудасы – 5,9, энергетикалық класы – 13,3.

Жер дүмпуі Қазақстанның бірқатар өңірлерінде сезілген. Атап айтқанда, Жамбыл облысының Жуалы, Байзақ, Жамбыл аудандарында, Тараз қаласында және Бауыржан Момышұлы ауылында, сондай-ақ Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы Тұрар Рысқұлов ауылында – 4 баллға дейін. Шымкентте, Қаратау, Ленгер, Манкент, Сарыкемер, Аса, Қазығұрт, Темірлан, Шаян, Құлан және Мерке елді мекендерінде – 3 балл. Ал Жаңатас, Шу, Түркістан, Кентау, Арыс, Сарыағаш, Жетісай және Шардара қалаларында – 2 балл шамасында болған.

ТЕКСЕРІС

Мемлекеттік «Қазселденқорғау» мекемесінің филиалының мамандары сейсмикалық тұрғыдан қауіпті аймақтарды тексеріп шықты. Олардың мәліметінше, жер бетінде ешқандай зақым, жарықшақ немесе шөгу белгілері анықталмаған.