ҰҚК-ның бұрынғы қызметкері 12 жылға сотталды

Ulysmedia
Көрнекі сурет. Фото: Ашық дереккөзден

Шымкентте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері 12 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Kursiv.media мәліметінше, 7 қазанда ҰҚК-нің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бұрынғы орынбасары Манат Сарбасов 12 жылға сотталған. Сот оны «Пара алу», «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру» және «Қызметтегі әрекетсіздік» баптары бойынша кінәлі деп таныған. Сарбасов подполковник шенінен айырылып, мемлекетке 70 миллион теңге өтеуге міндеттелді. Істі Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қараған.

Манат Сарбасовпен бірге істі болған Ерлан Тышқанбаевтың бас бостандығы 7 жылға шектелді. Шыңғыс Жаңабаев 7 жылға сотталды. Екеуіне де «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша айып тағылған.

Бұдан өзге іс бойынша күдікті деп танылған Айдос Срайлов 1 жылға, Темірхан Варзилов 4 жылға шартты жазаға кесілді. Срайловқа рақымшылық заңы қолданылып сот залынан босатылды.

Сарбасов пен Жаңабаев сот үкімімен келіспеді. Сарбасовтың қорғаушылары апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты.

Контекст

Сарбасов 2004 жылдан бері Ұлттық Қауіпсіздік комитетінде түрлі қызмет атқарған. Қылмыстық іске қатысты ұсталған кезде комитеттің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған. Оның серіктері деп танылғандардың ішінде шенеуніктер мен кәсіпкерлер бар.

Сарбасовтың ұсталғанына екі жылға жуықтады. Істің сотқа түскеніне 6 айға жақындады. Іске алқа билер тартылды