Шымкентте Ернар Жиембайдың үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Іс Шымкент қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
- 2025 жылдың 20 тамызында шыққан үкім өзгеріссіз қалды. Тараптардың шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын, дейді судья.
БҰҒАН ДЕЙІН
8 қазанда өткен сот отырысында сотталушы Ернар Жиембайдың қорғау тарапы бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, істі қайта саралауды сұрады.
КОНТЕКСТ
Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 21 сәуірде сотталушы Ернар Жиембай Шымкент қаласы құрылыс басқармасының салынып жатқан объектілерге мониторинг жүргізу бөлімінің бастығынан ақпарат алған. Ол Жиембайға әкімнің орынбасары Руслан Берденовтің нұсқауы бойынша «Тұрғынүй Шымкент» ЖШС басшысы қызметінен өз еркімен кетуі керектігін айтқан.Осыдан кейін «кек алу» мақсатында оған қарсы оқ атқан.
Шымкент әкімінің орынбасары 40 жастағы Руслан Берденовке сәуір айында «қастандық жасалып», оқ тиген шенеунікке шұғыл ота жасалған еді.