Қазақстандық көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды

Сырым Қаржас
ЖИ: Ұлысмедиа

«ҚазАвтоЖол» компаниясы қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады. Олардан көліктерін қыс мезгіліне дайындауды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұлттық компания жүргізушілерді қауіпсіздік шараларын сақтап, көліктің дөңгелектерін қысқыға ауыстыруға шақырды. Сондай-ақ жүйелердің дұрыс жұмыс істеуін тексеріп, қысқы жанармай қолдануды және жылдамдық пен арақашықтық тәртібін сақтауды ескертті.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жүргізушілерге ескерту жасаған болатын.