Бензин мен дизель қымбаттап жатыр – ең жоғары баға қай қалада

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда жанармай нарығындағы баға өсімі жалғасуда. Елдің ірі қалалары бойынша ең жоғары бағалар Алматы қаласындағы жанармай бекеттерінде тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АИ-92

Астана – 233–235 тг/л
Алматы – 233–237 тг/л
Шымкент – 215–222 тг/л

АИ-95

Астана – 273–300 тг/л
Алматы – 287–305 тг/л
Шымкент – 270–279 тг/л

АИ-98

Астана – 307–345 тг/л
Алматы – 315–365 тг/л
Шымкент – 302–349 тг/л

Дизель отыны

Астана – 320–329 тг/л
Алматы – 325–335 тг/л
Шымкент – 315–327 тг/л

Газ

Астана – 112 тг/л
Алматы – 112 тг/л
Шымкент – 102 тг/л

БҰҒАН ДЕЙІН

Мұнай саласының сарапшысы Асылбек Жәкиев Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерін бақылауды күшейтуге шақырған еді. 

Ол мұнай өңдеу зауыттарындағы ішкі бақылауды арттыруды, сондай-ақ өңірлік департаменттер мен комитеттердің жұмысын жандандырып, жанармай құю бекеттері мен мұнай базаларын тұрақты тексеріп отыру қажеттігін айтты. Әйтпесе, қазақстандықтар сапасыз жанармаймен көлік жүргізуді жалғастыра береді.

Қазіргі таңда Сауда және интеграция министрлігінің дерегіне сәйкес, алынған әр төртінші сынама сапа талаптарына сай келмейді.