Шерзат ісі бойынша төрт куәгер жауапқа тартылмайтын болды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Шерзат Полаттың ісі бойынша сотта жауап берген төрт куәгер қылмыстық жауапқа тартылмайтын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев айтты. Әңгіме сотта куәлік еткен Эльмира Нұрбекова, Дана Жақсыгелді, Юлдаш Розыбакиве пен Арлан Қазыкеновке қатысты болып отыр. 

Адвокаттың сөзінше, 2-3 күн бойы желіде Шерзат ісі бойынша куәгерлер қылмыстық жауапқа тартылатын болды деген жалған ақпараттар тараған. 

- Осы істің басты қорғаушысы ретінде бұл мәліметтерді құқық қорғау органдарының бізге берген жауабы негізінде жоққа шығарамын. Себебі 5 маусымда қабылданған жеке қаулы Алматы облысының прокуратурасында ақпараттық есепке тіркеліп, одан ары қарай процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы облысы полиция департаментіне жолданған. Ал полиция департаменті өз кезегінде жекеше қаулыда көрсетілген заң бұзушылықтарды тексеру барысында, “Розыбакиев, Қазыкенов, Жақсыкелді және Нұрбекованың іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы анықталмады және 30 тамызда жиналған іс құжаттары қараусыз қалдырылып, жинақтау папкасына жолданды” деп жауап берген. Бұл жауапқа қатысты біздің өз пікіріміз болашақта айтылатын болады. Бүгінгі шынайы ақпарат осы, деп түсіндірді Шекеев. 

ПЕТИЦИЯ

Еске салайық, бұған дейін желіде Шерзат Полаттың өліміне қатысы бар барлық адамды жауапқа тарту туралы петиция пайда болған еді. 

КУӘГЕР ЕКІ ҚЫЗ

Марқұм болған Нұрқанаттың сөзінше, төбелес кезінде бір қыз Қаржаубайды дүкеннен шығармай, есікті тіреп тұрса, екіншісі мерседес көлігінен пышақтарды алып беріп тұрған. 

Ал сот барысында куәгер қыздардың бірі Шерзат сотында куәгер әйел тура сұрақтан жалтарған еді.