Блогер есту қабілеті нашар таксисті мазақ еткен

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Алматылық блогер Нұрила Аманбаева есту қабілеті нашар таксисті мазақ еткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Блогер есту қабілеті нашар таксистің көлігінде баласына шулауға рұқсат беріп, артынша өзі де дауыстап ән айтып, таксисті рұқсатынсыз видеоға түсірген. Желі қолданушылары блогер бұл әрекетімен таксисті кемсітіп отырғанын айтып, Аманбаеваны сынға алған.  

 

БЛОГЕРДІҢ ӨЗІ НЕ ДЕЙДІ? 

Артынша Нұрила кешірім сұрап, бұл америкалық тренд екенін айтқан. Ол видеоны әзіл ретінде түсіргенін, ешкімді ренжіту мақсатында жасалмағанын айтты. 

- Видеоны түсірген соң бірнеше сағаттан соң өшіріп тастадым. Себебі бұл әрекетім дұрыс болмады. Біреудің көңіліне тиген болсам кешірім сұраймын. Енді мұндай қайталанбайды, дейді блогер. 

Сонымен қатар, блогер Threads жаман желі екенін, ондағы адамдар әркімге қарсы шыға беретінін айтқан. 

РЕАКЦИЯ

Threads желісінде блогерді сынға алып жарияланған жазбаны 300 мыңнан аса адам қараған. Жазбаға екі мыңнан аса пікір жазылған. 

Адвокат Джохар Өтебеков таксиске заң тұрғысынан көмектесуге дайын екенін жазған. 

Блогер Айна таксист қандай жағдай болмасын нәпақасын тауып жүргенін айтады. 

Тағы бір желі қолданушысы таксист есту қабілеті нашар болғанымен ол кейбір дыбыстарды естуі мүмкін екенін айтады.