Балағаттап ұрысқан - «желі жұлдызы» жаңа қызметке тағайындалды

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Асан Үмбетов «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2023 жылдың қыркүйегінен бастап Үмбетов «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің локомотив шаруашылығы жөніндегі бас директордың орынбасары қызметін атқарып келеді. Дәл осы қызметте ол бүкіл елге танымал болды.

ЕСКЕ САЛАЙЫҚ

Биыл шілде айының соңында әлеуметтік желілерде теміржолшылардың жұмыс жиналысынан видео тараған. Кадрда Үмбетов сөздерін еш бүкпесіз айтып, бағыныштыларын қатты сынға алған. Тіпті ашуға булыққан ол қол астындағыларды ашық балағаттаған. Бұл жағдайға компанияның өзі пікір білдіріп, ҚТЖ басшысы бейнежазба кейіпкерін қорғап шықты.

БЕЙӘДЕП ШЕНЕУНІКТЕР

Соңғы уақытта Шығыс Қазақстан облысынан екі шенеуніктің бейәдеп сөздер айтқан видеосы тарады. Соның бірі — дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы — қатаң сөгіс алған болса, Шілікті ауылының әкімі сот алдында жауап беруге мәжбүр болды.