Есту қабілеті нашар таксисті мазақ қылған блогер полицияға жеткізілді

Сырым Қаржас
Коллаж: Ұлысмедиа

Алматының полиция департаменті блогер Нұрила Аманбаеваның әрекеті туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Блогер полиция бөліміне жеткізілген. Полицейлер Нұриламен профилактикалық әңгіме жүргізген. Ал блогердің өзі кінәсін мойындап, өкінетінін айтқан. 

КОНТЕКСТ

Еске салайық, алматылық блогер Нұрила Аманбаева есту қабілеті нашар таксисті мазақ еткен болатын. Ол есту қабілеті нашар таксистің көлігінде баласына шулауға рұқсат беріп, артынша өзі де дауыстап ән айтып, таксисті рұқсатынсыз видеоға түсірген. Желі қолданушылары блогер бұл әрекетімен таксисті кемсітіп отырғанын айтып, Аманбаеваны сынға алған.