Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы республикалық бюджеттен мүгедектік және асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы төлеуге 488,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұған қоса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) тарапынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айрылу жағдайларына байланысты 66,8 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер жасалды.
2025 жылғы 1 қазан жағдайына сәйкес, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 544 мың адамды, ал асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылардың саны - 155,9 мың адам.
Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері мүгедектік тобы мен себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты есептеледі.
Асыраушысынан айрылу жағдайындағы жәрдемақы мөлшері қайтыс болған (қаза тапқан) адамның асырауындағы адамдар санына, өлім себебіне және күнкөріс минимумының мөлшеріне тәуелді.
Әлеуметтік төлемдердің көлемі әр адам үшін жеке есептеледі және ол келесі көрсеткіштерге байланысты:
• соңғы екі жылдағы МӘСҚ-қа аударылған әлеуметтік жарналар есептелген орташа айлық табысқа,
• еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициентіне,
• асырауындағы адамдар санына,
• міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне,
• табыс орнын алмастыру коэффициентіне.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап, күнкөріс минимумының өсуіне байланысты мүгедектік пен асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 6,5 %-ға ұлғайтылды.
Үкімет шешімімен еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айрылу жағдайларына байланысты МӘСҚ төлемдері де 6,5 %-ға артты.
Сонымен, жалпы аурудан мүгедек болғандарға арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері:
• I топ – 101 702 теңге,
• II топ – 81 362 теңге,
• III топ – 55 474 теңге.
2025 жылғы 1 қазан жағдайына сәйкес, еңбекке қабілеттіліктен айырылу бойынша орташа әлеуметтік төлем мөлшері 72 087 теңгені, ал асыраушысынан айрылу бойынша – 75 064 теңге.