Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген эксклюзивті сұқбатында Мәжіліс депутаты Айдос Сарым алғаш рет президенттік билік үшін жасырын күрес, реформаларды әдейі тежеп отырған күштер және Қазақстанда саяси қорқыныш мәдениетін жоюдың қажеттілігі туралы ашық айтты.
ҚОЖАМЖАРОВ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ ЕМЕС
– Соңғы уақытта болып жатқан жаңалықтардың бірі – Қайрат Қожамжаровтың Ресей азаматтығын алғанын естіген шығарсыз.
– Естуімше, қазірдің өзінде біраз еңбектенген сияқты. Дмитрий Медведевтің курстасы болғаны азаматтық беру тездетілген сияқты. Бірақ екі елдің арасныдағы тәжірибеде алдымен азаматтықтан шығу керек қой. Ресейдің заңнамасы қос азаматтық алуға мүмкіндік береді.
– Депутат, Қазақстан азаматы ретінде ішкі күйзеліс жоқ па? Қалай дегендей...
– Күйзелістен бұрын біз реалист адамбыз. Тергеу ісіне араласа алмаймыз. Сот үкіміне араласа алмаймыз. Бірақ азамат ретінде кез келген қылмыстың тергеліп, айыпты болса сотталғанын қалаймын.
– Бірақ Қожамжаровқа әділ сот мүмкін емес шығар… Экстрадиция мүмкін ба?
– Дәл қазір экстрадиция қиындау болатын шығар. Бірақ Медведевтің курстасы… Белгілі жалпы күндердің күнінде… Неше түрлі жағдайды көріп жатырмыз ғой. Заман бір күнде ауыса салады. Кеше ғана Асад мәңгілік отыратын сияқты еді, қазір Ресейде өмір сүріп жатыр дегенді естіп жатырмыз. Кім біледі? Қазір прокуратура үлкен жұмыс істеп жатыр.
– Қожамжаров қаншама адамның, қаншама кәсіпкердің обалына қалған.
– Мен өз басым қарғыс секілді концепцияны ұната бермеймін. Азаматтар қылмысқа о дүниеде емес, бұл дүниеде жауап беру керек. Түптің түбінде әртүрлі жағдай болуы мүмкін ғой.
– Сонда Қожамжаровтың Ресейге кетуіне, бәріне жол ашқан біздің жүйе әлсіз болып тұр ма?
– Өзіміз көріп жүрміз ғой. Талай адамға қылмыстық іс болған жоқ. Жемқорлықты тергеу, жұртты қинауды дәлелдеу өте қиын. Қазір қылмыстық істер бар. Ресейге бару үшін ұшаққа мінәдің де қажеті жоқ. Көлікке мініп кете береді.
Сұқбаттың толық нұсқасын Ulysmedia-ның YouTube арнасынан көре аласыз.