Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген эксклюзивті сұқбатында алғаш рет президенттік билік үшін жүріп жатқан жасырын күрес, реформаларды әдейі тежеп отырған күштер, және не себепті Қазақстанда саяси қорқыныш мәдениетін жою уақыты келгенін ашық айтты.
- Экс-сыртқы істер министрі, қазір президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуге қатысты қандай ақпарат тарағанын білесіз. Ол кісі “қазір гибридтік соғыс болып жатыр” деді. Әлемге де, Қазақстанға да қатысты. Ол кісіге оппозициялық журналист Айдос Садықовтың өліміне қатысты айып тағылды. Оған қатысты әлі реакция болған жоқ. Сіз, депутат ретінде осы кейске араластыңыз ба?
- Менің адам ретіндегі пікірім: күн астындағы орын үшін талас деген ұғым бар ғой. Меніңше, Қазақстанда уақытынан ерте басталып кеткен секілді. Бұл бір әңгіме. Сол жағдай болған кезде де жазғанмын. Қолда ешқандай дерек болмай тұрып, арман, қиялдан туған мәселені ақпарат ретінде жариялауға болмайды деп айтқан болатынмын. Біріншіден, Нұртілеудің өлімге немесе қастандыққа қатысы бар дегенге сенбеймін. Екіншіден, оған ешқандай дерек жоқ. Екі адамның арасындағы әңгіме, куәгер болуы керек. Бір дәлел келтірмей, қастандық теориясын жасауға тырнақшаның ішіндегі талант керек шығар. Бажкенованың өзі де бұл тақырыпты жаптық деді. Бірақ соған қарамастан әлі ақпарат тарап жатыр.
Біздің елдің ең үлкен трагедиясы – журналист қоғам билікке көп мін айтады. Соның бірі билік қатесін мойындай алмайды деп көп әңгіме айтылады. Есесіне дәл сол ауру біздің оппозицияға да, баспасөзге де тән. Қарапайым мысал, сол баспасөздер кезінде Сара Алпысқызын 3-4 рет жерлеп тастады. Ол кісі тірі, ем-домын алып жатыр. “Жаңылысқан екенбіз, асыққан шығармыз” деп ишарат жасаудың өзі жоқ қой.
- Неге онда ол кісі (Мұрат Нұртілеу) төрт күн бойы үндеген жоқ?
- Әртүрлі адам, әртүрлі жағдай болады. Жұмыс бабы, басқасы бар… Кейде бірінші болып жүгіріп бару, ол айыпты мойындағанмен пара-пар болады. Бәлкім келіссөз жүріп жатқан шығар. Оны нақты отырып, қалай болды деп сұраған жоқпын.
- Сіз бұл жаңалықтан шок болған жоқсыз ба?
- Жоқ, мен бұл жалған екенін сезіп отырмын ғой.
Сұқбаттың толық нұсқасын Ulysmedia-ның YouTube арнасынан көре аласыз.