Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун жасанды интеллект технологияларының еңбек нарығына әсері туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2,5 миллион маман тәуекел аймағында
Спикердің айтуынша, алдағы бес жылда 1 миллионға жуық қазақстандық маманның жұмысы автоматтандыру тәуекеліне тап болуы мүмкін.
- Бізде нақты жоспар бар: 2029 жылдың соңына дейін 1 миллион азаматты қайта даярлап, жасанды интеллектпен жұмыс істеуге үйретеміз. Astana Hub платформасында алғашқы бейнесабақтар қолжетімді. Бұл бағдарлама тегін жаттықтырушылар, коучтер мен мамандардың, соның ішінде ЖИ саласының сарапшыларының көмегімен оқуға мүмкіндік береді. Еңбек министрлігі қай мамандықтардың жойылу қаупі бар екенін болжап отыр. Ал біз ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп қайта оқыту курстарын әзірлеудеміз, – деді Дмитрий Мун.
Оның айтуынша, бағдарламашылар (программистер) бұл үрдістен қорықпайды, керісінше ЖИ-ді тиімді пайдалануды жалғастырып жатыр.
- Бұрын мен бір сайтты екі апта жасасам, енді жасанды интеллект көмегімен бір күнде жасап шығара аламын, – деді ол.
Контекст
Бұған дейін мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жасанды интеллект технологиялары жұмыссыздық деңгейін арттыруы мүмкін деп ескерткен болатын.