Геннадий Головкин халықаралық World Boxing федерациясының президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсыну туралы маңызды шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Головкин басты мақсаты бокстың Олимпиада ойындарындағы орнын бекіту екені мәлімдеді.
– Менің миссиям – бокстың олимпиадалық болашағын сақтау, сенімді нығайту және спортшыларды, жаттықтырушылар мен федерацияларды біздің спортты дамыту жолындағы талпыныстарында қолдау. Біздің басты мақсатымыз – Халықаралық Олимпиада комитетінің толық мойындауына қол жеткізіп, бокстың Лос-Анджелес-2028, Брисбен-2032 және алдағы Олимпиада ойындарындағы орнын бекіту. 23 қараша күні біз бокстың жарқын болашағына қарай маңызды қадам жасаймыз, – деді ол.
Айта кетейік, Дхалықаралық World Boxing федерациясының президенті сайлауы 2025 жылғы қарашада өтеді. Қазір бұл орынға екі үміткер бар: қазақстандық даңқты боксшы Геннадий Головкин мен Грекия бокс федерациясының басшысы Харис Мариолис.