Рыбакина Токио турнирінің жартылай финалында ойнаудан бас тартты

Сырым Қаржас
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Жапония астанасы Токиодағы WTA 500 турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Рыбакина денсаулығына байланысты жартылай финалда әлемнің 17-ракеткасы, чехиялық Линда Носковамен ойнаудан бас тартты. Бұл туралы WTA хабарлады.

– Бүгін ойнай алмайтыным өте өкінішті. Осы аптада арқамда мәселелер болды, сондықтан 100% өнер көрсете алмаймын. Бүгін мені жанкүйерлерім көре алмайтынына қапалымын, бірақ келесі жылы мені көреді деп үміттенемін, - деді Рыбакина.

Осылайша, Л.Носкова жартылай финалда ойнамастан, ақтық сынға жолдама алды. Ол соңғы бәсекеде әлемнің 13-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчич немесе рейтингіде 25-орындағы америкалық София Кенин арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. 

Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина 1-8 қарашада Эр-Риядта өтетін WTA қорытынды турниріне жолдама алған еді.