ҰҚК-дегі ауыс-түйіс: Тоқаев генерал Далматовты қызметінен босатты

Сырым Қаржас
ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарын ауыстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев Қанатай Далматовты Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатты.

Оның орнына Марат Ирменов тағайындалды.

– Мемлекет басшысының өкімімен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдағанын хабарлаған едік.

Ермек Сағымбаевтың айтуынша, ұлттық қауіпсіздік органдары экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адамды ұстаған. Радикалдық ағымды ұстанатын 83 адам сотталды.

Ішкі істер министрлігімен бірлесе қабылданған шаралар нәтижесінде 17 қылмыстық топ құрықталып, олардың 244 мүшесі ұсталды. 96 адам қамауға алынды.