Трамп тағы бір елге кедендік баж салығын көтеретінін мәлімдеді

Сырым Қаржас
picture-alliance/dpa/S

АҚШ президенті Дональд Трамп Канадаға қазіргі деңгейден тағы 10% жоғары тариф енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мұндай шешімге Канада провинциясы Онтарио үкіметінің жарнамасында АҚШ-тың 40-президенті Рональд Рейганның сауда баждарын сынаған дәйексөзі қолданылғаны себеп болған.

– Олардың деректерді бұрмалап, жаулық танытқанына байланысты мен Канада үшін тарифті қазіргі мөлшерінен 10%-ға арттырамын, – деп жазды Трамп өз әлеуметтік желісінде Truth Social платформасында.

Оның айтуынша, бейнеролик эфирден дереу алынып тасталуға тиіс болған, алайда Онтарио билігі оны әдейі эфирге шығарған.

– Олар бұл алаяқтық екенін біле тұра, бейнероликті кеше түнде Бейсболдан Әлем сериясы кезінде эфирге жіберді, – деді Трамп.

Бұған дейін АҚШ басшысы осы жарнамаға байланысты Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатқанын хабарлаған.

Ал Рональд Рейган қоры мәлімдеме жасап, жарнамада экс-президенттің сөзі бұрмаланғанын айтты. Рейган ол сөзінде протекционизм мен сауда кедергілерінің қаупі туралы ескерткен еді.