Ресейлік мұнай компаниясы жұмысын Қазақстанда жалғастырмақ

Сырым Қаржас
profile.ru

«ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясы бірнеше елдің енгізген санкцияларына байланысты шетелдегі активтерін сату туралы шешім қабылдады. Қазір компания әлеуетті сатып алушылардан өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Активтерді сату АҚШ қаржы министрлігінің компания қызметін біртіндеп тоқтатуға арналған лицензиясы аясында жүргізіледі, деп жазады «Интерфакс». Қажет болған жағдайда «ЛУКОЙЛ» бұл лицензияның мерзімін ұзартуды сұрай алады. Компанияға қарсы санкциялар АҚШ пен Ұлыбритания тарапынан енгізілген.

«ЛУКОЙЛ» Қазақстан, Әзербайжан, Ирак, Мысыр және басқа да елдердегі жобаларға қатысады, сондай-ақ Болгария, Румыния және Нидерландтағы мұнай өңдеу зауыттарына иелік етеді.

ҚАЗАҚСТАН

Ұлыбритания «ЛУКОЙЛ»-ды санкциялық тізімге 15 қазанда енгізді. Алайда компанияның «Роснефтьпен» бірлескен Әзербайжан мен Қазақстандағы халықаралық жобаларына 2027 жылдың 14 қазанына дейін уақытша босату берілді. Бұл босатуға Каспий құбыр консорциумы (КТК), «Теңізшевройл», «Шах-Дениз», «Оңтүстік Кавказ газ құбыры», «Әзербайжан газ жеткізу компаниясы» және Қарашығанақ жобалары кіреді.