Қазақстанның ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға іздеу жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ақпарат ведомствоның баспасөз қызметі Ұлыс тілшісіне растады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
- Екатерина Биволға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасымен іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, – делінген жауапта.
ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ӘРЕКЕТІ
Бұған дейін Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасы Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.
ӘҢГІМЕ НЕ ТУРАЛЫ?
Еске салайық, боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылған. Ол әлеуметтік желіде қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген еді.