Алматыдағы крематорий ісіне нүкте қойылды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Алматыдағы крематорий әкімдіктің бейінді ұйымының балансына берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау мақсатында Алматы әкімдігі 2021 жылы салынған крематорийді қалалық әкімдіктің ведомстволық бағынысты бейінді ұйымының балансына берді.

Нысан бұдан бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит негізінде берілді, оның нәтижелері бойынша Алматы әкіміне баланс ұстаушыны белгілеу тапсырылған болатын.

Нәтижесінде әкімдіктің 2025 жылғы 17 қазандағы қаулысымен объект Құрылыс басқармасының балансынан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро» ШЖҚ КМК балансына берілді.

Крематорий жұмыс істеуін бастайтын ресми күн барлық нормативтік рәсім аяқталғаннан кейін жарияланады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв Алматыда 2021 жылдан бері салынған крематорий әлі күнге дейін іске қосылмағанын айтқан болатын. Депутат мәселенің өзектілігін Алматыдағы зираттардың тапшылығымен байланыстырды. Қаладағы 70 зираттың 61-і жабық, жаңа жерлеу орындары жоқтың қасы.