Астана соттары судьяның алкогольдік мас күйінде көлік жүргізді деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпараттың таралуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сот мәліметінше, Қазақстан Республикасының судьялары сот төрелігін жүзеге асыру кезінде олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін ерекше құқықтық мәртебеге ие. Алайда бұл мәртебе оларды құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен босатпайды.
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар Ішкі істер министрлігімен Бас прокуратураға жолданды. Бас прокуратура қолданыстағы тәртіпке сәйкес судьяны жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін Жоғары Сот Кеңесіне ұсыныс енгізеді, делінген хабарламада.
Тәртіптік жауапкершілікке тарту, сондай-ақ судьяларды іріктеу, тағайындау және қызметтен босату мәселелері дербес мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құзыретіне жатады.
- Барлық қажетті тексерулер уәкілетті органдармен заңнама талаптарына қатаң сәйкес жүргізілуде. Қазақстан Республикасының сот жүйесі заңдылық, әділдік және лауазымына не мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтардың заң алдында теңдігі қағидаттарын әрдайым ұстанады. Судья тарапынан заң мен қызметтік міндеттерін бұзу фактісі заң талаптарына сәйкес тиісті құқықтық баға мен салдарынсыз қалмайды, делінген хабарламада.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Астанада мас күйінде көлік айдаған судья ұсталды деген ақпарат тараған болатын.