Қазақстанда Калашников автоматтары шығарыла бастайды

Ulysmedia

Биыл Қазақстанда "МИ-171Ш" тікұшақтарын құрастыруды және автоматтар өндірісін жолға қою жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Фото: ашық дереккөзден

Ведомство мәліметіне сүйенсек, биыл сегіз жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Атап айтқанда, Көкшетауда 2015 жылғы үлгідегі Калашников автоматтары өндірісін іске қосу көзделіп отыр. Ал Алматыда "Ми-171Ш" тікұшақтарын құрастыру қолға алынады. 

Бұдан бөлек, Қазақстанда Airbus ұшақтарына қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталық құрылуы мүмкін. СҚО-да мемлекеттік шекараны қорғайтын техникалық құралдар өндірісі жолға қойылады.

Министрлік дерегінше, төрт кәсіпорын базасында радиациялық және химиялық қорғау құралдары, автоматты оқ-дәрілер өндірісі іске қосылады. Сонымен қатар, "Барыс 8х8" бронетранспортерлік көліктері мен бронетанкілер өндірісі жаңғыртылады.