Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Украинадағы соғысқа кеткен қазақстандықтар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Депутат “әркім өзі таңдау жасауға құқығы бар” дейді.
- Мысалы өзінің тарихи отанында болып жатқан соғысқа қатысамын деп кеткен адамдар болс, оларға қандай да бір тосқауыл қоямыз деп айта алмаймын. Бізде тек Қазақстан заңымен азаматтар соғысқа қатысып, содан келсе ғана жауапқа тартылады. Ал егер өзі кетіп, тарихи отанымды қорғаймын десе онда біз қалай тосқауыл қоямыз? Әркім өзінің атамекенін қорғауы заңды нәрсе ғой, – дейді Зайытов.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Орал қаласының тұрғыны күйеуінің Украинадағы соғыста жалдамалы ретінде қаза тапқанын әлеуметтік желіде тараған тізімнен бір-ақ білгенін хабарлаған едік.
«Хочу жить» жобасы Украинадағы соғыста қаза болған Өзбекстан азаматтарының тізімін жариялаған болатын. Сонымен қатар, Ұлысмедиа Ресейге жұмысқа кетіп, соғыста қаза болған Қазақстан азаматтарының оқиғасы туралы жазған еді.