Қазақстан денсаулық сақтау рейтингінде құлдырады

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Қазақстан денсаулық сақтау индексі бойынша халықаралық рейтингте төмендеді. Мемлекеттік шығындар азайып, ел дамыған мемлекеттерден қалып қойып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЗАҚСТАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ РЕЙТИНГІНДЕ ҮШ ОРЫНҒА ТӨМЕНДЕДІ

2025 жылдың ортасына қарай Қазақстан Numbeo платформасының денсаулық сақтау индексі бойынша 99 елдің ішінде 60-орынға тұрақтады — 60,7 балл. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 57-орын болған.

ҚАЗАҚСТАН МЕН КӨШБАСШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚ ҮЛКЕН

Рейтингтің алғашқы үштігінде Тайвань (87 балл), Оңтүстік Корея (82,8) және Нидерланды (80,6) тұр. Қазақстанның ең жақын көршілері — Ресей (57-орын) және Армения (61-орын).

ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАҒА ШЫҒЫН ӨТЕ ТӨМЕН

Our World in Data порталының мәліметінше, 2024 жылы АҚШ медицинаға ЖІӨ-нің 14%-дан астамын жұмсаған. Германияда — 11%, Франция мен Швецияда — 10%. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш небәрі 2,9% болған. Бұл деңгей Қытаймен шамалас, бірақ Еуропа елдерінен айтарлықтай төмен.

МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫНДАР ҚЫСҚАРЫП ЖАТЫР

2024 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына 2,5 триллион теңге бөлінген — бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,2%-ға аз. 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында 1,3 триллион теңге бөлінді — бұл өткен жылмен салыстырғанда небәрі 1,1%-ға артық.