Қазақстанда байланыс қызметтерін көрсету ережелері бекітілді. Тиісті бұйрық Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы қол қойған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАНДАЙ НӨМІРЛЕР БҰҒАТТАЛАДЫ
Жаңа редакцияға сәйкес, ережелер жеке тұлғаларға нөмір рәсімдеу тәртібін, телефон алаяқтығымен күрес шараларын және күмәнді нөмірлерді бұғаттау тәртібін реттейді.
Жаңа ережелерге сай, ұялы байланыс операторлары алаяқтықтан қорғайтын арнайы жүйелерді (антифрод-системалар) қолдануға міндетті. Олар Ұлттық банктің антифрод-орталығымен бірлесіп жұмыс істейді, деректермен алмасады. Егер оператор күмәнді қоңырау немесе SMS анықтаса, нөмір иесінің деректерін (аты-жөні, ЖСН, телефон нөмірі) антифрод-орталыққа жолдайды.
Егер абоненттерден немесе антифрод-орталықтан шағым түссе, оператор екі жұмыс күні ішінде нөмірді тексеруге міндетті. Егер нөмір арқылы алаяқтық әрекеттер жасалғаны расталса, оператор оны уақытша бұғаттап, бұл туралы антифрод-орталыққа хабарлайды. Ал егер күдік расталмаса, оператор екі күн ішінде бұл туралы Ұлттық банкке хабарлауы тиіс.
БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР БАР
Жаңа ережелер ресми жарияланған күннен бастап 10 күннен кейін, яғни 18 қарашада күшіне енеді.