Қазақстан Ішкі істер органдары спортшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволды елге қайтару мүмкіндігін қарастырып жатыр. Ол халықаралық іздеуге жарияланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасуда. Оның сөзінше, Ресей құқық қорғау органдарымен өзара әрекет күшейтілген. Әділов журналистерге берген мәлімдемесінде:
- Біз Ресей полициясымен байланыстамыз. Ол ұсталған жағдайда, біз Бас прокуратура арқылы оны экстрадициялау мәселесін көтереміз, – деді.
Вице-министр экстрадиция туралы соңғы шешімді Бас прокуратура қабылдайдытынын айтты.
ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ӘРЕКЕТІ
Бұған дейін Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасы Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.
ӘҢГІМЕ НЕ ТУРАЛЫ?
Еске салайық, боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылған. Ол әлеуметтік желіде қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген еді.