Сот алқасы Шымкент қаласының бұрынғы әкім орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісін қарау барысында журналистке тілін көрсеткен судья Әбинұр Қарабаевқа қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жоғарғы сот кеңесі Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Әбинұр Қарабаевтың судьялық этика нормаларын бұзғаны туралы тәртіптік материал Сот алқасының кезекті отырысында қаралғанын хабарлады.
Сот алқасы Карабаевты тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдап, оған ескерту түріндегі жаза тағайындады.
ЕСКЕ САЛАЙЫҚ
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот отырысында төрағалық еткен судья Әбинұр Қарабаевқа журналистке тілін көрсеткен. Бұл сәт видеоға түсіріліп, жарияланғаннан кейін судьяға қатысты тексеру тағайындалған болатын.