«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16 қарашада елдің ірі қалаларындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде –3…–1°C, күндіз +3…+5°C болады.
Алматыда да көшпелі бұлтты, жауын-шашын жаумайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпін – 2-7 м/с. Түнгі температура +1…+3°C, күндіз +12…+14°C болады.
Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метрге жетеді. Түнгі температура +4…+6°C, күндіз +18…+20°C шамасында болады.