Астана, Алматы және тағы жеті қалада ауа сапасы нашарлайды

Сырым Қаржас
Ulysmedia

16 қарашада Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Қазгидромет» синоптиктері Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау және Өскемен қалаларында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.