Жауын-шашынсыз: 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Сырым Қаржас

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 17 қарашада Қазақстанның ірі үш қаласындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Астана

 Бас қалада көшпелі бұлтты, айтарлықтай жауын-шашын жаумайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні –  5-10 м/с. Түнгі температура 0…–2 °C, күндіз +3…+5 °C-қа дейін жылынады.

Алматы

Көшпелі бұлтты, құрғақ ауа райы сақталады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5 °C, күндіз +13…+15 °C.

Шымкент

Мұнда жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыс желі 8-13 м/с-қа дейін күшейеді. Түнгі температура +7…+9 °C, күндіз +21…+23 °C болады.