17 қаңтарда полицияға елорда тұрғыны "Балам-Ай" баланы дамыту орталығында оның кәмелетке толмаған ұлына қатыгездікпен қарау фактісі бойынша жүгінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Алматы» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша кінәлі адамдарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданатын болады», - делінген ІІМ хабарламасында.