Ресейлік көліктер ЕАЭО елдерінің автокөліктерімен бірдей талаптарға бағынатын болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ресейдің Мемлекеттік Думасы бірінші оқылымда шетелдік нөмірі бар көліктердің жүргізушілерін алдыңғы әйнектерді шамадан тыс қараңғылатқаны үшін жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады. Талап Евразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кіретін елдердің машиналарына қатысты — Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан.
ІІМ РФ түсіндірмесінде былай делінген:
- Үкімет енгізген заң жобасы Ресейге алты айға дейін уақытша әкелінген көліктерге қатысты реттеудегі олқылықтың орнын толтырады. Егер олардың әйнектері ЕАЭО-ның дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламент талаптарына сай келмесе, иелерін жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.