Украинадағы соғыс: Днепрде балық жаппай қырылып жатыр

Ulysmedia
Фото: Ашық дереккөзден

Балықтың қырылуына Ресей әскерінің ГЭС-ға атқан оғы себеп болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Украина Бас прокуроратурасының хабарлауынша, Днепр өзеніндегі балықтың жаппай қырылуына Ресей әскерінің Каховск ГЭС-ін атқылауы себеп болған. Соның салдарынан су деңгейі бұрын болмаған деңгейде төмендеген.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне қарағанда, ГЭС-те бітеуші механизмге зақым келген. Соның салдарынан су деңгейі төмендеген.