Еуропарламент Путинге арналған трибунал құру бастамасына дауыс берді

Ulysmedia

Еуропарламент Ресей билігінің қолымен Украинаға қарсы жасалған қылмыстарды қудалау үшін халықаралық трибунал құру жөнінде қарар қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Бұл ақпаратты немістің Deutsche Welle басылымы таратты.

Қарарды Еуропарламент 19 қаңтарда Страсбургте қабылдаған. Қарарды қолдап дауыс берген депутаттардың саны 427. Оған 19 депутат қарсы дауыс берсе, 33 депутат қалыс қалған.