Қазақстанда қала құрылысы мен құрылыс саласындағы барлық ақпарат пен қызметтерді біріктіретін Бірыңғай құрылыс порталы құрылады. Портал салалық деректерді цифрлық түрде біріктіріп, құрылыс жобаларын жоспарлаудан бастап нысандарды пайдалануға беру процесін толық автоматтандыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, портал мемлекеттік қала құрылысы кадастрымен тікелей байланыста жұмыс істейді.
- Мемлекеттік қала құрылысы кадастры – Бірыңғай құрылыс порталы элементтерінің бірі және аумақтарды дамытудың негізгі құралы. Онда цифрлық бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, сондай-ақ ғимараттар мен инженерлік желілер туралы деректер жиналады. Портал бұрын әртүрлі платформалар арқылы ұсынылып келген қызметтер мен деректерге қол жеткізудің әмбебап нүктесіне айналады, - деді спикер.
Жаңа портал құрылыс саласындағы ақпараттың ашықтығын арттырып, жобаларды жылдам әрі тиімді жүзеге асыруға септігін тигізеді.