Халыққа пайдасы бар ма - лизинг шарттарын әр автосалон өзі белгілейді

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Қазақстанда ішкі сауда ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл түзетулер жаңа автокөліктерді жеке тұлғаларға жеке пайдалану үшін лизингке беруге мүмкіндік жасайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

1 желтоқсаннан бастап қазақстандықтар көлікті жаңа тәртіп бойынша лизингке рәсімдей алады. Алғашқы кезеңде халыққа тек Қазақстанда өндірілген автокөліктер қолжетімді болады.

– Коммерциялық шарттар мен пайыздық мөлшерлемелерді әрбір лизинг компаниясы жеке анықтайды. Яғни әр автосалон өз лизинг шарттарын ұсынады. Ең алдымен бұл халыққа көлікті лизинг арқылы сатып алу мүмкіндігін береді, екіншіден – Қазақстанда шығарылған автокөліктерді нарыққа шығаруға жол ашады, – деді Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков.

БҰҒАН ДЕЙІН

Мәжіліс депутаты Олжас Күсіпековтің айтуынша, автолизингке қатысты жаңа ережелер 2 қарашаға дейін «Ашық НҚА» порталында талқыланып, 1 желтоқсаннан бастап күшіне енетінін айтқан еді. 

  • Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 46%-дан аспауы керек.
  • Екі есептік кезеңнен артық төлем кешіктірілсе, лизинг беруші көлікті қайтарып алып, келісімді біржақты бұза алады.