10 айлық ерікті әскери қызмет енгізіледі

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Францияда 2026 жылдың жазынан бастап 10 айлық әскери қызметке еріктілер қабылданады. Бұл туралы ел президенті Эмманюэль Макрон мәлімдеді. Ол егер елде ауыр дағдарыс туындаса, әскери қызмет міндетті болатынын да атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

27 қараша күні Францияның оңтүстік-шығысындағы Варс-Альер-э-Риссе әскери базасында сөйлеген сөзінде Макрон:

«Жаңа ұлттық қызмет кезең-кезеңімен келесі жаздан бастап енгізіледі», – деді.

Оның айтуынша, еріктілер негізінен 18–19 жастағы жастар болады және олар тек Франция аумағында қызмет етеді.

Париж міндетті әскери қызметті шамамен отыз жыл бұрын алып тастаған еді.

МІНДЕТТІ ҚЫЗМЕТ ҚАЙТА ОРАЛУЫ МҮМКІН

«Егер ауыр дағдарыс болса, парламент тек еріктілерді ғана емес, жалпы азаматтарды шақыруға рұқсат бере алады. Сол кезде әскери қызмет міндетті болады», – деді француз президенті.

Бірақ ол мұндай ерекше жағдай болмаса, әңгіме тек қарулы күштердің қажеттілігін өтеу үшін таңдалған еріктілер туралы болатынын айтты.

Макрон Францияның бұл реформаны басқа еуропалық елдердің, соның ішінде Норвегияның тәжірибесінен шабыт алғанын жеткізді. Оның сөзінше, 2026 жылдың жазынан бастап 3000 ерікті қабылданады, 2030 жылға қарай олардың саны 10 мыңға, ал 2035 жылы 50 мыңға жетуі тиіс.

ГЕРМАНИЯДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Өткен аптада Германиядағы билеуші коалиция әскерге шақыру ережелерін өзгертуді келісіп алды. 2011 жылы тоқтатылған міндетті әскери борышқа қайта оралу болмайды. Бірақ келесі жылдан бастап барлық жас азаматтарға бундесверде қызмет етуге ниеті бар-жоғын анықтау үшін анкета жіберіледі. Ерлер үшін оны толтыру міндетті, әйелдер үшін ерікті болады. Жарамды кандидаттар іріктеу рәсіміне шақырылады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Борамбаев Қазақстанда заңды түрде әскерге бармай-ақ әскери билет алудың жолын айтты. 

ЕСКЕ САЛАЙЫҚ

2025 жылдың соңына дейін Қазақстанда 18-27 жас аралығындағы шамамен 22 мың азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады. Биыл алғаш рет шақыру қағаздары тек қолма-қол емес, SMS хабарлама және eGov порталы арқылы да жіберіледі. 

МИТИНГ

10 қарашада Астанада әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингіге шықты. Олар үкіметке бірнеше талдап қойды. Артынша әділдік іздеген аналарды полиция ұстап әкетті