Алматыда белсенділер қарсылығына қарамастан тағы бірнеше ақылы тұрақ ашылмақ

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Алматыда тағы үш ауданда ақылы автотұрақтар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

LS мәліметінше, жаңа паркоматтар Бостандық, Әуезов және Алмалы аудандарында орнатылады. Жол қозғалысын ұйымдастыру басқармасының мәліметінше, әңгіме ең жүктемесі жоғары көшелер туралы болып отыр.

БАҒА

Бұрынғыдай автотұрақтың құны сағатына 100 теңге болып қала береді. Қалада дифференциалды тарифтер енгізу жоспарланбайтыны да атап өтілді.