Боран соғып, көктайғақ болады - синоптиктер болжамы

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

«Қазгидромет» синоптиктері 9 желтоқсан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Түнде солтүстікте, шығыста, оңтүстікте, күндіз солтүстікте және шығыста қар жауады, көктайғақ күтіледі. Солтүстік пен шығыста тұман болады. Жезқазғанда кей кездері тұман мен көктайғақ байқалады.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Қар, боран, көктайғақ күтіледі. Солтүстік, шығыс және оңтүстікте тұман болады. Солтүстік-батыс желі, таңертең және күндіз батыста, шығыста, оңтүстікте екпіні 15–20 м/с. Қарағандыда қар, көктайғақ, күндіз төменгі боран, кей кездері тұман күтіледі.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Түнде таулы аймақтарда қатты қар жауады. Солтүстікте, оңтүстікте және таулы өңірлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыс желі, күндіз солтүстікте және оңтүстікте екпіні 15–20 м/с.
10 желтоқсан түнінде ауа температурасы күрт төмендеп, –7…–12°, солтүстік пен таулы аймақтарда –15…–20° аяз болады. 11 желтоқсан түнінде –12…–17°, солтүстік пен таулы аймақтарда –20…–25° аяз күтіледі. Қонаевта кей кездері тұман болады.

Алматыда кей кездері тұман күтіледі.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман күтіледі.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Түнде солтүстікте және шығыста көктайғақ болады. Түнде және таңертең батыста, оңтүстікте тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс, шығыс желі, солтүстік пен шығыста екпіні 15–18 м/с.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Түнде таулы аймақтарда, күндіз солтүстікте және таулы өңірлерде қар, төменгі боран күтіледі. Күндіз кей кездері көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-батыс желі, таулы аймақтарда екпіні 15–20 м/с. Таразда кей кездері тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

Солтүстікте, шығыста, орталықта және таулы аймақтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыс желі, шығыста және таулы өңірлерде екпіні 15–20 м/с.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

Түнде және таңертең батыста, оңтүстікте, орталықта көктайғақ күтіледі. Шығыс желі, күндіз батыста, оңтүстікте, орталықта екпіні 15–20 м/с. Ақтауда түнде және таңертең көктайғақ болады.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Батыста және солтүстікте тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ

Түнде солтүстікте, шығыста, оңтүстікте қар, боран, көктайғақ күтіледі. Күндіз қар, боран, көктайғақ, солтүстік пен оңтүстікте қатты қар жауады. Түнде және таңертең солтүстікте, оңтүстікте, орталықта тұман болады. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, солтүстік пен орталықта екпіні 15–20 м/с, күндіз 23 м/с. Семейде қар, күндіз боран, көктайғақ күтіледі.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Қар, боран, көктайғақ күтіледі. Күндіз солтүстікте қатты қар жауады. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста, орталықта тұман болады. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстік бағытта, солтүстік пен шығыста екпіні 15–20 м/с. Өскеменде қар, күндіз боран, көктайғақ күтіледі.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Күндіз таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстікте және таулы өңірлерде көктайғақ болады. Батыста, оңтүстікте, орталықта және таулы аймақтарда тұман күтіледі. Шымкент пен Түркістанда кей кездері тұман болады.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Түнде батыста, оңтүстікте, шығыста қар, боран күтіледі. Батыста тұман болады. Жел солтүстік-шығыс, солтүстік бағытта, түнде екпіні 15–20 м/с, күндіз солтүстікте, шығыста, оңтүстікте 15–20 м/с. Петропавлда түнде желдің екпіні 15–20 м/с.

АСТАНА

Қар, боран күтіледі, түнде көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15–20 м/с.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Түнде қар, боран күтіледі. Солтүстікте және шығыста қатты қар жауады. Оңтүстікте және шығыста көктайғақ болады. Күндіз солтүстікте, оңтүстікте, шығыста қар, боран күтіледі. Батыста, солтүстікте, шығыста тұман болады. Жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15–20 м/с. Көкшетауда түнде қар, төменгі боран күтіледі.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Түнде солтүстікте, шығыста, оңтүстікте қар, төменгі боран күтіледі. Оңтүстікте көктайғақ болады. Солтүстікте және шығыста тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыс бағытта, түнде солтүстікте және шығыста екпіні 15–20 м/с. Қостанайда түнде қар, төменгі боран күтіледі.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Солтүстікте және орталықта тұман күтіледі. Қызылордада кей кездері тұман болады.