Қарағанды облысындағы кафеде болған жарылыстан екі адам мерт болды

Сырым Қаржас
ашық дереккөз

Қарағанды облысындағы кафеде болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, 11 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты станциясындағы кафелердің бірінде газ баллоны жарылып, соның салдарынан өрт шыққан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, шамамен 200 шаршы метр аумақта шатыр құлап, соған байланысты үйінділерді аршу жұмыстары жүргізілген.

Өрт толықтай 300 шаршы метр аумақта сөндірілді.

АЛДЫН АЛА СЕБЕБІ

– Газ баллоны жарылысының алдын ала себебі – газбен жабдықтау жүйелерін, оның ішінде тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының бұзылуы", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, он бір адам аудандық ауруханаға медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді.